Құтқарушылар Бұқтырмада қайықпен жоғалып кеткен екі әйелді тапты
ТЖМ суға шығар алдында ауа райын міндетті түрде бағалауды, үрлемелі жүзу құралдарымен жағалаудан алысқа бармауды ескертеді.
Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар Бұқтырмада қайықпен жоғалып кеткен екі әйелді тапты.
Самар ауданының Сарыбел ауылы маңындағы Бұқтырма су қоймасында 1993 және 1997 жылы туған екі әйел үрлемелі қайықпен серуендеуге шығып, ұзақ уақыт бойы оралмаған.
Демалушылардың бірінің жұбайы 112 қызметіне хабарласып, көмек сұраған. Құтқарушылар жедел іздестіру жұмыстарын жүргізіп, қайықты тауып, әйелдерді аман-есен жағаға жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.
ТЖМ суға шығар алдында ауа райын міндетті түрде бағалауды, үрлемелі жүзу құралдарымен жағалаудан алысқа бармауды ескертеді.
Бағытыңыз туралы жақындарыңызға алдын ала хабарлаңыз және міндетті түрде құтқару кеудешесін киіңіз. Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз, – деп жазды ТЖМ ескертуінде.