Құтқарушылар бір жасар бүлдіршінге көмекке келді

Атырау қаласында ТЖМ құтқарушылары бір жасар балаға көмекке келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Белгілі болғандай, Атырауда бір жасар бала пәтерде жалғыз қалып, есік ішінен жабылып қалған. Анасы қысқа уақытқа сыртқа шығып кеткен кезде, есік өздігінен жабылып қалған.

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар кіреберіс есікті ашты. Бала зардап шеккен жоқ.

Құтқарушыларды көрген балақай қуанып, анасы алғысын білдірді.

Кішкентай балаларды тіпті қысқа уақытқа да жалғыз қалдырмаңыздар. Ашық балкондар, терезелер мен жабық есіктер – балалар өміріне төнетін нақты қауіп, - деп ата-аналарға ескерту жасады ТЖМ мамандары.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы