18 Қазан 2026, 22:24 Фото: Скриншот

Құтқарушылар Балқаш көлінен екі балықшыны құтқарды

Оларға медициналық көмек қажет болмады.

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында, Мыңарал ауылы маңындағы Балқаш көлінде екі балықшы құтқарылды.

Олар жағадан шамамен 15 шақырым қашықтықта қайықпен жүзіп жүрген. Алайда қозғалтқыш істен шығып, балықшылар өздігінен жағаға жете алмаған.

Құтқарушылар екі азаматты эвакуациялап, жағалауға жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет болмады.

Құтқарушылар суға шығар алдында қайық пен қозғалтқыштың жарамдылығын тексеріп, құтқару кеудешесін киіп, байланыс құралдарын алып жүруге кеңес береді.