Құтқарушылар балаларға су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді

Құтқарушылар балалармен су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері туралы түсіндіру өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ-ға сілтеме жасап.

Ақтөбе облысында жағажайда демалып жатқан балалармен кезекті түсіндіру әңгімелесу өткізілді. Балаларға су айдындарындағы жүріс-тұрыс ережелерін сұрақ-жауап түрінде түсіндірді.

4-6 маусым күндері Ақтөбе облысының су айдындарын патрульдеу кезінде ересектердің қарауынсыз суға түскен балалар анықталды. Полиция қызметкерлерімен бірлесіп, балалардың ата-аналары шақыртылып, оларға әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 364 бабы бойынша 7 хаттама, 412 бабы бойынша 3 хаттама толтырылды.

ТЖД балаларды су айдындарының жанында қараусыз қалдырмау және ересектердің еріп жүруінсіз олардың шомылуына жол бермеуге шақырады. Осы қарапайым ережелерді сақтау Сіздің және жақын адамдарыңыздың өмірі мен денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді, - деп жазды Ақтөбе облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы