24 Наурыз 2024 2024, 10:17 Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Құтқарушылар арыққа құлаған жылқыны шығарып алды

Құтқарушылар жылқыны арықтан сыртқа шығарып алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құтқарушылар жылқыны арықтан сыртқа шығарып алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР ТЖМ мәліметінше, 23 наурызда Қызылорда қаласының «ПМК-23»саяжайындағы «Керуен» демалыс орны маңындағы арыққа жылқы құлап кеткені туралы хабарлама түсті.

Құтқарушылар оқиға орнына жетіп, құтқару арқанын пайдаланып, жылқыны арықтан алып шықты.

Жылқы иесі құтқарушыларға алғысын білдірді.