Құтқарушылар Алматыдағы өрттен ондаған адамды құтқарып қалды

Алматыдағы өртке байланысты Алматы қалалық ТЖД басқармасы түсінік берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгін, 1 тамызда, Алатау ауданына қарасты “Аққент” ықшамауданында өрт шықты. Жалын 16 қабатты үйдің 5-6 қабатындағы лифт шахтасынан шыққаны анықталды. Үйді көк түтін басып кеткен. Соған қарамастан, өрт сөндірушілер тұрғындарды құтқаруға, өмірлерін сақтап қалуға барын салды. 300 адам эвакуацияланды, 70-ке жуық адам құтқарылды, - дейді Алматы қалалық ТЖД "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің" бастығы Айдар Скабаев.

Еске салайық, өрттен зардап шеккен 31 адам қала ауруханаларына жеткізілді. Қайтыс болғандар жоқ. 

Айта кетейік, әлеуметтік желіде оқиға кезінде адамдардың терезеден секірген видеолары да тарады. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы