Құтқарушылар Алматы тауларында шетелдік туристерді құтқарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 21 мамырда сағат 22:05-те Республикалық жедел-құтқару жасағының 7 құтқарушысы мен бір кинологиялық топ Ресей Федерациясының үш азаматын іздеуге шықты, деп хабарлады республикалық жедел-құтқару жасағының баспасөз қызметі.
Алматы қаласы ТЖД түскен ақпарат бойынша туристер таңертең тауға шығып, сағат 13.30-да соңғы рет телефон арқылы таныстарымен байланысқа шығып, Букреев шыңына жеткендерін және Лесная сказка тау курорты жағына қарай түскендерін хабарлаған. Осыдан кейін олар байланысқа шықпаған, таудан төмен түспеген.
Адамдарды іздеуге қосымша Алматы қаласының құтқару қызметінің құтқарушылары жіберілді.
Тек 2022 жылғы 22 мамырда таңғы сағат 7.25-те жедел құтқару тобының аға қызметкері зардап шеккендермен телефон арқылы байланыса алды. Олардың айтуынша, ешқайсысы медициналық көмекке мұқтаж емес, түнді тауда өткізген екен. Туристер көмек күтпестен өздері түсу туралы шешім қабылдады. Құтқарушылар өздерінің болжаған бағыты бойынша жүруге мәжбүр болды, туристерді тауда жалғыз қалдыруға болмайды, ауа райы нашарлай бастады. Іздеу сағат 14.20-да аяқталды, сол кезде РЖҚЖ кинологиялық есебі шатқалдың астынан туристерді тапты. Шетелдіктермен бірге жергілікті гид болды. Жалпы 4 адам құтқарылды - 1985, 1977, 2001 жылы туған үш ер адам және 1984 жылы туған әйел адам.
Құтқарушылар тауға шықпас бұрын, осы аймақтағы ауа-райымен танысуға кеңес береді. Дауылды ескертулерді назарға алып, жақындарыңызға тауға бағытыңыз және қалаға оралу уақытыңыз туралы хабарлаңыз. Бейтаныс жолмен жолды қысқартпаңыз. Өзіңізбен бірге қуатталған телефон мен паурбанк алыңыз. Төтенше жағдайлар кезінде 112 немесе 8(727)372-15-60 (РЖҚЖ кезекшісі ) нөміріне қоңырау шалыңыз.