Құтқарушылар Абай облысында 152 жолаушыға көмекке келді

Қазақстан ТЖМ құтқарушылары Аягөз қаласының жылыту пунктіне "Семей-Барлық-Арасан", "Семей-Мақаншы", "Өскемен-Мақаншы", "Семей-Үржар", "Өскемен-Алматы " бағыттары бойынша 5 автобус пен 152 жолаушыны жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Операцияға сондай-ақ жергілікті атқарушы орган мен полиция департаменті қызметкерлері қатысты.

Аталған бағыттар бойынша қоғамдық көлік қозғалысын шектеу 2025 жылғы 4 қаңтарда сағат 07: 00-де алынып тасталады деп күтілуде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: архив
Өзгелердің жаңалығы