Құтқарушы қызметі – адал азамат міндеті!

Ауа райының қолайсыздығы мен ақпанның ақтүтек боранында өз жанын ойламай елге қызмет жасап жүрген құтқарушылар еңбегі ерен. Төтенше жағдайлар министрлігі кешелі-бүгін Ақтөбе облысында қызметтік міндеттерін адал өткеріп жүрген бірнеше құтқарушылар фотосын жариялады.

 

ТЖМ сала мамандары әрдайым ауа райының қолайсыздығына қарамастан, әрқашан көмекке келуге әзір екендігін жазды.

Олар күн сайын өз өмірі мен денсаулығына қауіп төндіре отырып, адал және абыроймен қызмет ететін батыр, әрі батыл адамдар. Бірақ... оларды үйде де күтуде! Құтқарушы қызметі – адал азамат міндеті! Өзіңе қамқор бол! Біз үшін әр өмір маңызды! – деп жазды телеграм каналда.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы