Құтқарушы-психологтар эвакуацияланған адамдарға көмек қолын созды

Атырау облысының құтқарушылары су тасқынымен күресіп қана қоймай, тұрғындарға психологиялық көмек көрсетуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.

Әлеуметтік қызметкерлер мен психологтардан құралған топ соның ішінде Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінінің психологиялық қызмет тобы эвакуациялық пункттарды аралау жұмыстарын жүргізуде. Психологтар су тасқынынан зардап шеккен Жылыой ауданы Құлсары қаласының тұрғындармен әңгімелесуде, - деп атап өтті ведомстводан.

Бұл жағдайда психологиялық көмек адамдарға өз жағдайын жеткізуге көмектесу, оларды тыңдауға мүмкіндік беру және дер кезінде ақпараттық көмек көрсете білу үшін жүргізіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Өзгелердің жаңалығы