Құшағында сәбиін ұстап тұрған әйел 7-қабаттан құлап кетті
Бүгін Степногорск қаласында сағат 05:00 шамасында 7 айлық нәрестесін қолында ұстап тұрған 23 жастағы әйел тұрғын үйдің 7-қабатындағы терезеден құлап кеткен. Оқиға кезінде ол таныстарының үйінде болған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Салдарынан анасы да, сәбиі де оқиға орнында қаза тапқан.
Қайғылы жағдайдың себебі мен мән-жайы әзірге белгісіз. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, әйел мен оның кішкентай қызының құлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде, түпкілікті қорытынды сараптамалардан кейін жарияланатын болады.
Еске сала кетсек, бұған дейін Павлодарда әйел 5-қабаттан балаларын лақтырып, артынан өзі секіріп кеткенін хабарлаған болатынбыз. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, әйел адам ұсталды.
Қайғылы оқиғадан аман қалған бала қалаға оралғысы келмейтінін айтқан.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстан экономикасы қалай өсіп жатыр?
Келесі жаңалық
Экономист болжамы: Теңге күшін сақтап қала ма?
Өзгелердің жаңалығы