Құс тұмауынан 7 өңірде 223 мыңнан астам құс қырылған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Құс тұмауы еліміздің 7 өңірінен анықталып, қырылған үй құстарының саны 223 мыңнан асты. Осыған байланысты ауру ошағы анықталған ауылдар карантинге жабылып, ондағы үй құстары тегіс жойылады. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.
Жалпы, қазір үй құстары жаппай қырылып жатқан өңір – Қостанай облысы. Онда баудай түскен құстың жалпы саны 112 мыңға жеткен. Шығынның көбі – құс фабрикаларынан. Одан кейін Солтүстік Қазақстанда 107 мыңнан астам құс қырылған. Павлодар облысының тұрғындары 2 мың 753 қаз бен тауығынан айырылды. Ақмола облысында 703, Жамбыл және Түркістан облыстарында 500-ден асады. Әзірге ең азы – Қарағанды облысында. Нұра ауданындағы Тассуат, Изенді және Жарасбай ауылдарында ұзын саны 60 тауық пен 44 қаз өлген. Еліміз бойныша кесел анықталған жерлер карантинге жабылды. Сонымен қатар, сол елді мекендердегі үй құсының барлығының көзі жойылатын болады.
Әрі қарай сол үй құстарының қожайындарына республикалық бюджеттен қаражат беріледі. Бүгінгі күні нарықтық баға бар, 1-1,5 мың шығар тауыққа. Қазға 3 мыңның шамасында шығады. Оны комиссия анықтайды. Құстың басын анықтап, ережеге сәйкес жұмыс істейді, - деді АШМ Ветеринария комитеті аумақтық инспекциясының басшысы Марат Мұхтаров.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қостанайлық шенеунік 1251 кәсіпкерге негізсіз салық салған
Келесі жаңалық
Атырау тұрғынынан сібір жарасының белгісі анықталды
Өзгелердің жаңалығы