24 Желтоқсан 2022 2022, 16:08

Құс тұмауы. Маңғыстауға 19 мыңға жуық вакцина жөнелтілді

Аққулар қырылған Маңғыстау облысына құс тұмауына қарсы вакцинаның 18,6 мың дозасы жөнелтілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аққулар қырылған Маңғыстау облысына құс тұмауына қарсы вакцинаның 18,6 мың дозасы жөнелтілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті таратқан мәліметке сәйкес, биыл ел аумағында 14 930 180 үй құсына жоғары патогенді құс тұмауына қарсы вакцина жасау жоспарланған.

Еске сала кетейік, Маңғыстау облысының Ақтау қаласынан 20 шақырым жерде, Қаракөл көлінің жағасында аққулар жаппай қырылған еді. 

Кеше Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Маңғыстау облысында аққулардың жаппай қырылуына құс тұмауы себеп болғанын мәлімдеді.