Құрылыс жұмыстарының көлемі 12,7% ұлғайды

2025 жылғы қаңтарда орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 12,7% өсіп, 140,5 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық статистика бюросына слтеме жасап.

2024 жылғы қаңтармен салыстырғанда жұмыс көлемінің ұлғаюы тұрғын емес ғимараттар (42,2%) мен имараттар (15%) құрылысы мен олардың жөндеу жұмыстары көлемінің өсуіменбайланысты.

Республика бойынша құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінің 81,6% жеке құрылыс ұйымдары орындаған, шетелдіктер – 17,8%, мемлекеттік ұйымдар – 0,6%. 2025 жылғы қаңтарда орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) түрлері бойынша ең көп үлесті тұрғын емес ғимараттар (жалпы көлемге 36,9%) мен автомобиль жолдары (17,6%) және тұрғын үйлер (6,2%) құрылысы алып отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - Архив
Өзгелердің жаңалығы