Құрылыс компанияларына Бірыңғай оператор кепілдігін алу талаптары жеңілдетілді

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков үлескерлік құрылыс туралы заңға енгізілген өзгерістерді мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

“Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу, автомобиль жолдары және мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау қызметтерін көрсету мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” ҚР заңы 2025 жылғы 30 маусымда қабылданды.

Құрылыс компанияларын қаражатты заңды жолмен тартуға ынталандыру мақсатында заңмен Бірыңғай оператор кепілдігін алу талаптары жеңілдетілді: тәжірибе бойынша 3 жылдан 2 жылға, көлем бойынша республикалық маңызы бар қалалар мен астанада 18 мың ш.м.-ден 10 мың ш.м.-ге, өңірлерде 9 мың ш.м.-ден 5 мың ш.м.-ге дейін төмендетілді, - деді Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасы.

Сонымен қатар, құрылыс салушы немесе уәкілетті компания қысқа және ұзақ мерзімді міндеттемелерді шегергеннен кейінгі жиынтық активтердің кемінде 10 %-ына тең активке ие болуы тиіс.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы