Құрылтайдың заң шығарудағы рөлі қандай? Алматыда сарапшылар бас қосты
Бүгін Алматы қаласында «Құрылтай – заң шығарушы биліктің жаңа архитектурасының негізі» тақырыбында Сарапшылар платформасының отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Алғашқы сессияда «Ықпалды Құрылтай: заң шығару бастамасы құқығы және заң шығару қызметінің сапасы» тақырыбына арналды.
Сессияны ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Жандос Шаймарданов модерациялайды.
Пікірталасқа Қазақстан Республикасы Әділет вице-министрі Данияр Ваисов, Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Ақмарал Сәдуақасова, Еуразиялық интеграция институтының директоры Олжас Селтеев, Парламентаризм институтының Жария заңнама және мемлекеттік басқару орталығының басшысы Шолпан Саймова, сондай-ақ Women in Tech Kazakhstan ұйымының жетекшісі Айжан Болатжан қатысып жатыр.
Екінші сессияның тақырыбы – «Құрылтай диалог алаңы ретінде: жаңа институционалдық тәжірибелер».
Оны Философия, саясаттану және дінтану институтының Салыстырмалы саяси зерттеулер орталығының жетекшісі Амангелді Әмребаев жүргізеді.
Екінші сессияда ҚР ҰҒА-ның Білім және қоғамдық даму ғылымдары орталығының жетекшісі Жанат Төлен, Қазақстандық қоғамдық даму институты Басқарма төрағасының орынбасары Азамат Байғалиев, Алматы қаласы Азаматтық альянсының төрағасы Қайрат Әбдіхалықов, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Айгүл Ибраева және ҚазҰУ-дың аға оқытушысы Айгерім Жүнісова баяндама жасайды.
Сарапшылар платформасы аясында Құрылтай институтының заң шығару процесіне ықпалы, өңірлер мен орталық арасындағы өзара іс-қимыл, заңнамалық бастамалардың сапасын арттыру және қоғаммен тиімді диалог орнатудың жаңа тетіктері талқыланады.