Құрылтайдағы 145 депутат көп пе, аз ба? – Мәжіліс депутаты түсіндірді

Қоғамда болашақ Парламенттегі депутаттар санына қатысты әртүрлі пікірлер айтылып жүр. Алайда жұмыс тобы ұсынған 145 депутаттан тұратын құрам қазіргі саяси ахуалға да, қоғамның сұранысына да толық сәйкес келеді. Бұл туралы Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның үшінші отырысында Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қоғамда болашақ Парламенттегі депутаттардың саны бойынша да әртүрлі пікірлер бар. Дегенмен жұмыс тобының 145 депутат болуы қажет деген шешімі бүгінгі саяси ахуалға да, қоғамның сұранысына да нақты сай. Мәселен, Конституцияның құрылымы, жер көлемі мен халық саны Қазақстанға қарағанда әлдеқайда кіші еуропалық мемлекеттердің көбінде де депутаттардың саны едәуір көп. Айталық, 10 миллион халқы бар Португалияда 230 депутат, Швецияда 349 депутат, ал небәрі 3 миллион тұрғыны бар Литваның өзінде 140 депутат бар. Сол себепті 145 депутат – ең оңтайлы, прогрессивті әрі нақты шешім, – дейді Елнұр Бейсенбаев.

Бұған дейін депутат Елнұр Бейсенбаев жарты жыл бойы болашақ Парламенттің құрылымы мен құзыретіне қатысты нақты нормалар әзірленіп, ұсыныстар енгізілгенін айтты. Айтуынша, бір палаталы Парламент – ел үшін қажетті әрі тиімді шешім.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы