Бүгiн 2026, 16:19 Фото: ©BAQ.KZ архиві/ Арман Мухатов

Құрылтай сайлауының құны әзірге белгісіз – ОСК

ОСК өкілінің айтуынша, сайлау күні әлі белгіленбегендіктен, оған қажетті қаржы көлемін әзірге нақты есептеу мүмкін емес.

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов Сенаттың кулуарында берген сұхбатында алдағы Құрылтай сайлауын қаржыландыру мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта сайлауға қажетті нақты қаржы көлемін нақты айту мүмкін емес.

Егер қандай да бір аумақта сайлаушылар саны артса, онда сайлау учаскелерінің саны да көбейеді. Тиісінше, сайлау комиссиясы мүшелерінің еңбекақысын төлеуге қосымша қаржы қажет болады. Сондықтан сайлау күні әлі белгіленбегендіктен, нақты соманы қазір айта алмаймыз, – деп түсіндірді ОСК мүшесі.

Сондай-ақ ол Парламент мүшелерінің куәліктерін тапсыруы қажет пе деген сұраққа жауап берді.

Әдетте тапсырады. Тапсыруға тиіс, – деді Шавкат Өтемісов.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда сайлау жүйесі өзгеретіні жазылды.

Сондай-ақ, енді Парламенттің Құрылтай болып өзгеретіні туралы Заң қабылданғаны хабарланды.