25 Тамыз 2026, 12:41 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Олжас Адай

Құрылтай сайлауы: ОСК мандаттардың қалай бөлінгенін айтты

Депутаттық мандаттардың басым бөлігі қай партияға тиесілі болғанын ақпараттан оқи аласыз.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай сайлауының қорытындысы бойынша депутаттық мандаттардың партиялар арасында қалай бөлінгенін жариялады, деп хабарлайды BAQKZ тілшісі.

Сайлау қорытындысына сәйкес:

* «Әділет» партиясы – 110 мандат;
* Қазақстанның жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – 8 мандат;
* «Ауыл» партиясы – 10 мандат;
* Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы – 8 мандат;
* Respublica партиясы – 9 мандат.

Осылайша, депутаттық мандаттардың басым бөлігі «Әділет» партиясына тиесілі болды.

Бұған дейін Құрылтай сайлауының соңғы қорытындысы жарияланғанын хабарладық. 23 тамызда Құрылтай сайлауына қатысқан сайлаушылардың жалпы саны 12 623 289 адам болды.