17 Шілде 2026, 15:55 Фото: ©BAQ.KZ/Мақпал Орынбек

Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» партиясынан 63 кандидат тіркелді 

Орталық сайлау комиссиясы «Ақ жол» партиясы ұсынған 63 кандидаттан тұратын партиялық тізімді тіркеді.

Орталық сайлау комиссиясы «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясының партиялық тізімін тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

ОСК кезекті отырысында 2026 жылғы 23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауына «Ақ жол» партиясының кандидаттар тізімін тіркеу туралы мәселені қарады.

Комиссия төрағасы Нұрлан Әбдіровтың айтуынша, бүгінге дейін Орталық сайлау комиссиясына сайлауға қатысатын жеті саяси партияның құжаттары қабылданған.

9 шілдеде ҚР Орталық сайлау комиссиясына «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы қоғамдық бірлестігі ҚР Құрылтайының депутаттарын сайлауға партиялық тізімді ұсыну туралы тиісті құжаттарды тапсырды. "Ақ жол" партиясынан Құрылтай сайлауына қатысуға барлығы 63 кандидат тіркелді, - деп атап өтті Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүйіндік. 

Айта кетейік, VIII сайланған Мәжіліс депутаттарын сайлау барысында сайлаушылардың 8,41 пайыздан астамының қолдауына ие болғандықтан, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы сайлау жарнасын төлеуден босатылады.