24 Тамыз 2026, 00:06 Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Құрылтай сайлауы: Алғашқы exit poll нәтижелері жарияланды

Еуразиялық интеграция институтының мәліметінше, exit poll Қазақстанның 20 өңіріндегі 200 сайлау учаскесінде жүргізілген.

«Хабар» агенттігінің тапсырысы бойынша Еуразиялық интеграция институты жүргізген exit poll нәтижелері жарияланды.

Сауалнама қорытындысы бойынша партиялар жинаған дауыс үлесі:

  • «Әділет» партиясы – 71,8%
  • «Ауыл» партиясы – 6,4%
  • Respublica партиясы – 5,4%
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 5,2%
  • «Ақ жол» партиясы – 5,1%
  • Қазақстан Халық партиясы – 3,0%
  • «Байтақ» жасылдар партиясы – 1,0%
  • «Барлығына қарсымын» – 2,1%

Еуразиялық интеграция институтының мәліметінше, exit poll Қазақстанның 20 өңіріндегі 200 сайлау учаскесінде жүргізілген. Сауалнамаға 30 мыңға жуық сайлаушы жасырын түрде қатысқан.

Сонымен қатар Құрылтай депутаттарын сайлау қорытындысы бойынша «СОЦИС-А» және Қазақстандық қоғамдық даму институты жүргізген exit poll нәтижелері жарияланды. Екі сауалнамада да «Әділет» партиясы айқын басымдықпен көш бастады.

«СОЦИС-А» мәліметі бойынша, «Әділет» партиясын сайлаушылардың 70,7%-ы қолдаған. Одан кейін «Ауыл» партиясы – 6,4%, Respublica – 5,5%, «Ақ жол» – 5,4%, ЖСДП – 5,0%. Қазақстан Халық партиясы – 3,2%, «Байтақ» жасылдар партиясы 1,2% жинаған. «Барлығына қарсымын» нұсқасын респонденттердің 2,6%-ы таңдаған.

Қазақстандық қоғамдық даму институтының exit poll нәтижесінде «Әділет» партиясының көрсеткіші 72,3% болды. «Ауыл» партиясы – 6,2%, Respublica – 5,2%, «Ақ жол» – 5,1%, ЖСДП – 5,0%, Қазақстан Халық партиясы – 2,8%, «Байтақ» партиясы 0,9% дауыс жинаған. «Барлығына қарсымын» деген жауапты 2,5% респондент таңдаған.

Осылайша, үш exit poll қорытындысы да ұқсас нәтиже көрсетті: «Әділет» партиясының қолдауы 70%-дан жоғары, ал «Ауыл», Respublica, «Ақ жол» және ЖСДП көрсеткіштері шамамен 5-6% аралығында.

Айта кетейік, exit poll – сайлаушылар арасында дауыс бергеннен кейін жүргізілетін сауалнама және оның нәтижелері сайлаудың ресми қорытындысы болып саналмайды. Ресми нәтижелерді Орталық сайлау комиссиясы жариялайды.