Құрылтай сайлауы: 2 млн қазақстандық дауыс берді
Сағат 10:00-ге дейін ел бойынша 2,2 млн-нан астам сайлаушы бюллетень алды.
Елімізде өтіп жатқан Құрылтай депутаттарының сайлауында сағат 10:00-дегі жағдай бойынша 2 млн-нан астам қазақстандық дауыс берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Азамат Айманакумов сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы туралы соңғы мәліметпен бөлісті.
Орталық сайлау комиссиясы хабарлайды: астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес сағат 10.00-дегі жағдай бойынша өңірлерде сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы мынаны құрады:
1. Астана қаласы бойынша – 17,01%.
2. Абай облысы бойынша – 17,35%.
3. Ақмола облысы бойынша – 18,91%.
4. Ақтөбе облысы бойынша – 20,28%.
5. Алматы облысы бойынша – 17,19%.
6. Атырау облысы бойынша – 18,75%.
7. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 17,97%.
8. Жамбыл облысы бойынша – 18,25%.
9. Жетісу облысы бойынша – 20,87%.
10. Қарағанды облысы бойынша – 21,06%.
11. Қостанай облысы бойынша – 17,92%.
12. Қызылорда облысы бойынша – 22,91%.
13. Маңғыстау облысы бойынша – 16,92%.
14. Павлодар облысы бойынша – 15,98%.
15. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 17,52%.
16. Түркістан облысы бойынша – 20,39%.
17. Ұлытау облысы бойынша – 19,41%.
18. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 19,93%.
19. Алматы қаласы бойынша – 9,96%.
20. Шымкент қаласы бойынша – 20,39%.
Жалпы, еліміз бойынша сағат 10.00-де 2 264 411 сайлаушы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 17,96%-ын құрады, - деп атап өтті Орталық сайлау комиссиясының мүшесі.