23 Қыркүйек 2026, 10:21 Фото: Ақорда

Құрылтай Президентке Конституциялық Сот судьяларын, ОСК және ЖАП мүшелерін тағайындауға келісім берді

Құрылтайдың жалпы отырысында Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьяларын, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының және Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшелерін тағайындауға келісім беру туралы мәселе қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

ҚР Президенті әкімшілігінің басшысы Роман Скляр Конституцияның 56-бабына сәйкес, Конституциялық Сот судьяларын, Орталық сайлау комиссиясы және Жоғары аудиторлық палатасы мүшелерін тағайындау үшін Құрылтайдың келісімі қажет екенін атап өтті.

Скляр Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қандай кандидатураларын ұсынылатынын атап өтті.
Конституциялық Сот судьялары:

1. Абдолла Сәкен

2. Қайрат Жақыпбаев

3. Ләйла Жақаева

4. Айжан Жатқанбаева

5. Айгүль Қыдырбаева

6. Қанат Мусин

7. Бақыт Нұрмұханов

8. Сергей Скрябин

9. Аслан Тукиев

10. Сергей Ударцев

Құрылтай Президентке осы кандидатураларды Конституциялық Соттың судьясы қызметіне тағайындауға келісім берді.
Орталық сайлау комиссиясы:

1. Азамат Айманакумов

2. Михаил Бортник

3. Мұхтар Ерман

4. Әсел Жанәбілова

5. Ләззат Сүйіндік

6. Шавхат Өтемісов

Құрылтай Президентке осы кандидатураларды Орталық сайлау комиссиясының мүшелері қызметіне тағайындауға келісім берді.
Жоғары аудиторлық палата:

1. Бақыт Әбілдинов

2. Рахымжан Ділдаев

3. Амангелді Есенов

4. Ғабиден Жақсылықов

5. Руслан Мелдебеков

6. Нұрлан Нұржанов

7. Ардақ Теңгебаев

8. Юлия Энгель

Құрылтай Президентке осы кандидатураларды Жоғары аудиторлық палата мүшелері қызметіне тағайындауға келісім берді.