23 Тамыз 2026, 20:11 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Құрылтай-2026: Дауыс беру аяқталды

Елдегі сайлау учаскелері жабылып, дауыстарды санау басталды.

Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлау өткен сайлау учаскелері жабылды.

Дауыс беру күні бойы Қазақстанның барлық өңірі мен республикалық маңызы бар қалалардағы сайлау учаскелерінде өтті. Ел бойынша 10 363 учаске жұмыс істеді. Сайлаушылар тізіміне 12 605 788 адам енгізілген.

Ал Қазақстаннан тыс жерлерде сайлау әлі жалғасып жатыр. Шетелде жүрген азаматтар еліміздің дипломатиялық өкілдіктері жанындағы учаскелерде жергілікті уақытқа сәйкес дауыс беріп жатыр. Сағат 19:00-дегі жағдай бойынша Қазақстанның 61 мемлекеттегі шетелдік мекемелері жанынан құрылған 79 сайлау учаскесінің барлығы жұмысын бастады. Ең соңғы болып АҚШ-тың Сан-Франциско қаласындағы сайлау учаскесі ашылды.

11 елде дауыс беру аяқталды. Шетелде тіркелген 11 402 сайлаушының 6007-сі дауыс берді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов мәлімдеді.