«Құрылтай-2024»: Куала-Лумпур алғаш рет Азиядағы қазақтарды біріктірді
Малайзия астанасында Оңтүстік Шығыс және Шығыс Азия елдерінде тұратын қазақтардың алғашқы құрылтайы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Малайзиядағы қазақ диаспорасы ұйымдастырған бұл шара «Отандастар қоры» КеАҚ және Қазақстанның Малайзиядағы Елшілігінің қолдауымен қазақ диаспорасының мәдени және экономикалық өзара іс-қимыл мәселелерін талқылау үшін маңызды алаңға айналды. Құрылтайға қатысушылар үш панельдік сессия өткізді: «Шет елдерде қазақ мәдениеті мен тілін сақтау», «Шекаралық байланыстар – Малайзиядағы өмірдің мәселелері» және «Малайзияда бизнесті жүргізу».
Қазақстанның Малайзиядағы Елшісі Бұлат Сүгірбаев іс-шараның ашылуында қазақ халқына тиесілі сезім барлық қазақтарды әлем бойынша біріктіретінін, әлемнің түкпір-түкпірінде тұратын әрбір қазақ Қазақстанның дамуына өз үлесін қосатынын атап өтті.
«Отандастар қоры» КеАҚ президенті Данияр Қадыров, құрылтайдың басты мақсаты шетелдегі қандастармен байланысты арттырып, бірлікті нығайту екенін айтты. Ол «Отандастар қоры» атынан атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, Қазақстанның әлемдік деңгейде танылуы жолындағы мәдени бастамалардың маңыздылығына тоқталды.
Құрылтайға Малайзия, Қазақстан, Оңтүстік Корея, Сингапур және басқа да өңір елдерінен диаспора өкілдері, этнографтар, мәдениет және өнер қайраткерлері қатысты. Пленарлық отырыс барысында мәдени мұраны сақтау, шетелдегі қазақ жастарының дамуының мүмкіндіктері және түрлі елдердегі қазақ қауымдастықтары арасындағы экономикалық әріптестіктің болашағы, сондай-ақ Қазақстанда экономикалық, ғылыми, мәдени және басқа жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Форумның спикерлері Малайзиядағы қазақ диаспорасының президенті Баян Нишан, этнограф, «Сандық» мейрамханасы мен «Тары» кофеханасының идеялық шабыттандырушысы Айгерім Мусағажинова, Малайзияның ең ірі университеті «Universiti Malaya»-ның тілдер факультетінің декан орынбасары, «Murai production»-ның негізін қалаушы Айсауле Абильда, «Сана» қорының негізін қалаушы және басқа да спикерлер болды.
Шараның бағдарламасында қазақ өнерпаздарының жарқын концерттік қойылымдары, би өнері мен қазақ халқының бай мәдениетін, салт-дәстүрлерін көрсететін ұлттық киімдер шоуы болды. Мереке барысында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қаракат Әбілдина «Тұсау кесу» рәсімін өткізді.
Құрылтай Куала-Лумпурда Қазақстанның тарихи Отанының сыртында қазақтардың біртұтас қауымдастығын құру жолындағы тағы бір қадам болып, ата-бабалар дәстүрлері мен тіл мұрасын сақтауға бағытталған маңызды шараға айналды, - деп жазылған хабарламада.