Жүкті әйелдің бауырынан құрт табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте дәрігерлер жүкті әйелдің бауырынан бір уыс паразит алып шықты, деп хабарлады Almaty.tv.
Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, 27 қыркүйекте Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханасына жүктілік мерзімі 36-37 аптаға келген 1978 жылғы әйел шұғыл түрде жеткізілді.
"Ультрадыбыстық зерттеу кезінде әйелдің бауырының оң жақ аймағында үлкен – көлемі 19 см болатын эхинококк киста табылды. Ішінде 36-37 апталық сәбиі бар әйелді аман алып қалу үшін дәрігерлер шұғыл ота жасады", - деп хабарлады басқармадағылар.
Операция кезінде әйелдің толғағы басталып кеткен. Сәтті жасалған операцияның арқасында салмағы 5 келі бала дүниеге келді. Нәресте мен ананың жағдайы жақсы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жамбылдық полицейлер есірткі дайындаушыны ұстады
Келесі жаңалық
Жетісуда алаяқтар азаяр емес
Өзгелердің жаңалығы