Құрманғазыда жаңадан екі көпір салынады – Атырау облысы
Құрманғазы ауылдық округіне қарасты Шипажай мөлтек ауданы мен ПМК мөлтек аудандарын қосатын екі жаңа көпір құрылысын салуға жобалық сметалық құжаттар жасақталуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы azh.kz сайты жазды.
Жаңа көпірлер "Шарон" және "Бұзауслан" өзені арқылы өтеді.
Құрманғазы ауданы әкімдігінің мәліметінше, қазіргі кезде жобалаушы "МПК-проект" ЖШС мекемесімен келісімшарт жасалған.
Жоба бойынша жалпы ұзындығы 200 метрді құрайтын 2 көпір құрылысы қоршауымен, 1 шақырым ауылішілік жол, 1 шақырым тротуар құрылысы, көше жарығы сонымен қатар жағалауды нығайту жұмыстары мен 6 жерден 1000 дм су өткізгіш құбырын орнату жұмыстары қамтылады. Жобаның жүзеге асырылуы 2026-2027 жылдарға деп жоспарланып отыр, – деді аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
Мемлекеттік сатып алу порталында жарияланғандай екі көпірдің ЖСҚ дайындауға 24 млн 485 мың теңге бөлінген. Тапсырыс беруші Атырау облысы Құрманғазы ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі мемлекеттік мекемесі.