«Құрманғазы» бақылау-өткізу бекетінде көлік қозғалысы шектеледі

«Құрманғазы» бақылау-өткізу бекетінде көлік қозғалысы шектелуі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

ҰҚК Шекара қызметі биыл 15 мен 28 тамызы аралығында Қазақстан – Ресей шекарасындағы «Құрманғазы» өткізу пунктінде көлікті өткізу кезінде қиындықтар туындауы мүмкін екенін хабарлайды. 

Көрсетілген кезеңде шектес аумақта жол төсемін жөндеу жоспарланған. Басқа пункттер штаттық режимде жұмыс істейді, ешқандай шектеулер енгізілген жоқ. Осы мән-жайларды ескеруді және қозғалыс бағдарын алдын ала түзетуді сұраймыз, - делінген ҰҚК баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ҰҚК баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы