Құрлық жолы арқылы Түркияға бағыт алған пилоттық контейнерлік пойыз Иранға жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін  Тегеран станциясында Қазақстан, Түркіменстан және Иран аумақтары арқылы Түркияға бет алған алғашқы құрлықтағы контейнерлік пойызды салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.

Түркияның Паяс станциясына баратын күкірт тиелген 48 контейнерден тұратын алғашқы пойыз Павлодар стансасында жасақталды. 

 «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ ұсынған жаңа логистикалық шешім жүк жөнелтушілер үшін ең алдымен жеткізу мерзімі тұрғысынан тиімді. Пойыз Каспий теңізі арқылы өтетін баламалы маршрутпен салыстырғанда небәрі 12 күнде 6300 шақырымнан астам қашықтықты жүріп  өтеді. 

Пилоттық жоба ойдағыдай жүзеге асса Парсы шығанағы мен Түркия нарықтарына жүктерді жоғары жылдамдықпен жеткізетін тұрақты бағыт қалыптаспақ. Ең бастысы бұл Қазақстан аумағы арқылы өтетін контейнерлік тасымал қарқынын арттырады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы