Құрғақшылық әлемнің бірқатар еліне қауіп төндіріп тұр

Колумбияда қуаңшылық кесірінен ауыл, оның ішінде мал шаруашылығы тығырыққа тірелді, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Ал қолайсыз күн райына байланысты тіпті Испанияның солтүстік-шығысында төтенше жағдай жариялануы мүмкін. Колумбия астанасы Боготаның оңтүстігіндегі су қоймасының 65 пайызы бос. 

Шаруалар егістіктің қурап қалғанын, малдың жұтқа ұшырағанын айтады. Теріскейдегі бір өзен біржола құрғап, жергілікті халықты негізгі күнкөрісі - балықтан айырды. Испанияда төтенше жағдай жариялануы мүмкін Қуаңшылық зардабын Испанияның Каталония аймағы да тартып отыр. 

Бұл өңірде 6 миллион халық тұрады. Су қоймаларының 84 пайызы босап қалған. Сарапшылар "мұндай төмен көрсеткіш бұрын-соңды тіркелмеген еді" дейді. Билік су тапшылығы бірнеше айға созылады деп ескертті. Қоймадағы су деңгейінің таяздығына байланысты, тіршілік көзі ішуге жарамсыз болып қалған. 

Мынадай ауыр жағдайда бау-бақшаны суара алмай қалдық деп шағымданудың өзі артық болар. Өйткені адамдардың өзіне тіршілік көзі жетпей жатыр. Халықты жаппай үнемдеуге үйрету керек. Әйтпесе ысырап қылып жүрген санасыздар әлі де жетіп-артылады, - деді  зейнеткер Джоан Торрент.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы