Құрбан айт: қандай сақтық шараларын білу керек
Қасиетті "Құрбан айт" мерекесі қарсаңында мал сату, сою бекеттерінде және мұсылман қауымының басы қосылып үй жағдайында, мешіттерде немесе қоғамдық тамақтану орындарында "құдайы тамақ" беру ұйымдастырылатын кезеңі. Осындай іс-шаралар өткізу барысында аса қауіпті жұқпалы аурулардың, жаппай тамақтан уланудың және жедел ішек инфекцияларының алдын алу мақсатында Алматы қаласының санитариялық дәрігерлері азаматтарға бірқатар талапты сақтауды ұсынады. Осы орайда BAQ.KZ Алматыдағы тілшісі Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гаухар Каткеновамен сұқбаттасты.
– Құрбан айт кезінде азаматтар құрбандыққа малды қайдан сатып алу керек? Қандай нәрселерге назар аударған жөн?
– Мал сату, сою бекеттерінде құрбандыққа шалынатын малдарды сату мен союды арнайы орындарда және әрбір жануарлардың тиісті ветеринарлық құжаттары (ветеринарлық паспорт, құлақ сырғалары) болған жағдайда ғана іске асыру керек. Мал сою орындарында санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың қатаң сақтау, оның ішінде ауыз су, лас су жүйелерінің болуы, мал сою барысында шыққан қалдықтардың уақтылы залалсыздандырылып, шығарып тұрған жөн. Қызметкерлердің медициналық тексеруден өтіп, медициналық кітапшалары болуы тиіс.
– Үй жағдайында қонақ күту кезінде қандай қауіпсіздік шараларын сақтау қажет?
– Үй жағдайында қонақтардың қол жууына жағдайдың болуы міндетті. Сондай-ақ тамақтану бөлмелерінің ауасын жиі алмастырылуын қамтамасыз еткен жөн. Шикізат пен тамақ өнімдерін қауіпсіздігін куәландыратын тауардың ілеспе құжаттамасы бар орындардан сатып алған абзал. Ал үй жағдайында дайындалған консерві өнімдерін пайдаланар алдында 15-20 минут термиялық өңдеуден өткізу керек.
– Ал ас үйде жүрген адамның медициналық жағдайына қойлыатын талаптар бар ма?
– Егер азаматтың немесе азаматшаның терінің іріңді аурулары бар, іріңді кесілген, күйген, терісі сыдырылған, сондай-ақ жоғары тыныс алу жолдарының ауруы болған жағдайда тамақ әзірлеуге қатыспау керек.
– Ал қоғамдық тамақтану нысандары мен мешіттерде қойылатын арнайы талаптар қандай?
– Ондай орындар ауыз су, ыстық су, лас су жүйелерімен, түрлі деңгейдегі жұқпалы аурулардың алдын алу үшін келушілер мен персоналға арналған раковиналар, қол жуу, өңдеу, сүрту немесе кептіру құрылғыларымен және құралдармен жарақталу қажет. Сондай-ақ қосымша ретінде желдету және (немесе) ауа баптау жүйелері көзделуі тиіс. Бұл жерлерде де терінің іріңді аурулары бар, іріңді кесілген, күйген, терісі сыдырылған, сондай-ақ жоғары тыныс алу жолдарының ауруы бар, инфекциялық аурулармен ауыратын және инфекциялық ауруларға күдікті адамдар жұмысқа жіберілмейді.
– Ал бұл жерлердің ас үйлеріне қойылатын талаптар бар ма?
– Қоғамдық тамақтану өнімдерін дайындау үшін пайдаланылатын азық-түлік шикізатының, тамақ өнімдерінің және қосымша материалдардың әрбір партиясының қабылдау, сақтау, тасымалдауының қадағалануы және қауіпсіздігін куәландыратын тауардың ілеспе құжаттамасы бар орындардан сатып алу керек. Ал мұнда үй жағдайында дайындалған өнімдерін қоғамдық тамақтану орнында, мешіттерде пайдалануға рұқсат жоқ. Тез бұзылатын тамақ өнімдері үшін тауардың ілеспе құжаттамасына өнімнің шығарылған уақыты мен күні, сақтау шарттары, соңғы жарамдылық мерзімі көрсетіліп, тоңазытқышта сақталуы қажет;
– Ал осы орындардағы дезинфекция шарттары қандай?
– Жабдықты пайдалану, жуу және дезинфекциялау оларды өндіруші нұсқаулығына сәйкес жүзеге асырылу керек. Тамақ қалдықтарын жинауға арналған жарамды жағдайдағы бөлек контейнерлер (жабылатын сыйымдылықтар), оларды тазалауды, жууды және жануарлардың кіруінен қорғауды қамтамасыз ететін, қоқыс пен тамақ қалдықтарын жинауға арналған шаруашылық алаңының көзделу қажет.
– Қоғамдық тамақтану нысандарында персоналға қойылатын талаптарды айтсаңыз.
– Персоналдың арнайы киімдермен қамтамасыз етілуі мен жеке бас гигиенасын сақтау жағдайы болу керек. Медициналық тексеріп-қараудан, гигиеналық оқытудан өткендігі туралы белгісі және жұмысқа рұқсаты бар әр жұмыскердің жеке медициналық кітапшасының жұмыс орнында сақталу тиіс.
– Әңгімеңізге рақмет!