Құрбан айт мерекесі күні қоғамдық көліктер тегін жүреді
Бұл туралы «City Transportation Systems» ЖШС мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Астана қаласы әкімдігінің шешімімен, алдағы «Құрбан айт» мерекесінде, 16 маусымда елорданың қоғамдық көлігінде (қалалық және қала маңы бағдарлары) жол жүру тегін болады. Қоғамдық көлік жұмысы сағат 06:00 басталады. Түнгі №№ 201, 202, 203 бағдарларында да маусымның 15-нен 16-сына қараған түні жол жүру тегін болады.Түнгі бағдарлардың қозғалысын «Avtobys» мобильді қосымшасы арқылы бақылауға болады, - деп жазылған хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы