Құқықтық журналистика курсы қатысушыларына сертификаттар табысталды

M.S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Universitet-інде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен өткізілген құқықтық журналистика бойынша оқыту курстарына қатысушыларға сертификаттар табысталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс-шараға M.S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Universiteti-нің басқарма төрағасының орынбасары Ерболат Мұхамеджан, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өкілдері қатысты. 

Оқыту курстары құқық салалық журналистикасын дамытуға, БАҚ-та жарияланатын материалдардың сапасын арттыруға, спецификалық терминологияны дұрыс түсіндіруге бағытталған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы