Құқықтық мәдениет неғұрлым жоғары болса, тұтынушылардың өтініштері соғұрлым көп болады – Асқар Тынысбеков
Елімізде тұтынушылардың құқықтарын бұзу бойынша өтініштер саны жыл сайын 20%-ға артып келеді. 2022 жылы министрлік 30,2 мыңнан астам өтінішті қараған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бул туарыл ҚР Сауда және интеграция министрлігі тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Асқар Тынысбеков Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Осындай жағдай өзге мемлекеттік органдар бойынша да байқалады. 2022 жылы 50 мыңға жуық өтініш келіп түскен. Өтініштердің үлес салмағы бойынша антилидерлері: бөлшек сауда – 48%, тұрмыстық қызметтер – 19%, электрондық сауда – 9%, ТКШ қызметтері – 5,6% көрсетіп отыр, – деді комитет төрағасы.
Асқар Тынысбековтің айтуынша, өтініштердің ең көп өсімі келесі салаларда орын алған.
Айта кетерлігі, қоғамдық тамақтандыру орындарында– 188% – ға, көлік қызметтері – 143% – ға, медициналық қызметтер-113% - ға, байланыс қызметтері-102% -ға. Өңірлердегі тұтынушылардың құқықтарын бұзудың ең маңызды бағыттары да анықталды. Өтініштердің динамикасы тұтынушылардың құқықтарын бұзу фактілерінің көбеюін ғана емес, сонымен қатар тұтынушылық мәдениеттің жоғарылауын, тұтынушылық көңіл-күйдің нақты көрінісін, оның ішінде нарықты сапасыз тауарлар мен қызметтермен толтырудың шынайы жағдайы туралы түсінік береді. Осы ретте, әлемдік тенденцияны атап өткен жөн: құқықтық мәдениет неғұрлым жоғары болса, тұтынушылардың өтініштері соғұрлым көп болады, – деді комитет төрағасы.
Еске салайық, елімізде азаматтардың көбі мына салалар бойынша наразылық білдіреді:
- медициналық қызмет – 39,3% (медицина персоналының дөрекі мінез-құлықтары мен біліксіздігі, үлкен кезектер, көрсетілген медициналық қызметтердің сапасыздығы);
- байланыс қызметі (интернет-провайдер) – 33,3%
(абоненттік төлемнің заңсыз қымбаттауы, интернет қызметінің сапасыз
көрсетілуі, тарифтік жоспардың құнының ұлғаюы мен өзгеруі);
- қоғамдық көлік қызмет – 30,7% (көлікпен тасымалдау
ережелерін бұзу, персоналдың дөрекілігі, қолма-қол ақшалай және ақшасыз
есептесу);
- қоғамдық тамақтану – 24,4% (персоналының дөрекі мінез- құлықтары мен қызметтердің сапасыздығы, сапасыз тамақ, санитарлық- гигиеналық нормалардың сақталмауы).