"Құқықтық дәріхана": Астанада тұрғындарға заң тұрғысынан кеңес берілді

Елорда прокуратурасы "Заң және тәртіп" қағидаты аясында "Хан Шатыр" сауда-ойын-сауық орталығында "Құқықтық дәріхана" акциясын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Шараның мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, өтініштеріне жедел әрекет ету және заңнама нормаларын түсіндіру.

Нұра ауданы әкімдігінің ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің басшысы Жансейіт Тынбаевтың айтуынша, мұндай акциялар мемлекет пен қоғам арасындағы тікелей диалог алаңына айналып отыр. Оның дерегінше, мыңға жуық адам онлайн және офлайн форматта құқықтық кеңес алды.

Қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының прокуроры Ерлан Шакировтың мәліметінше, қыркүйек айында осындай әлеуметтік акциялар Астананың алты ірі сауда орталығында ұйымдастырылған.

Негізгі мақсат – азаматтарға құқықтарын түсіндіру, нақты мәселелерін шешуге көмектесу және құқықбұзушылықтардың алдын алу, - деді ол.

"Құқықтық дәріхана" форматы тиімділігін дәлелдеп келеді: тұрғындар прокуратура өкілдеріне тікелей жүгініп, өздерін толғандырған сұрақтарына кәсіби жауап алуда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Астана қаласы әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы