Құқық қорғау қызметіне қабылдайтын қандай оқу орындары бар?

Бұл туралы полицияны білікті кадрлармен жасақтау туралы ІІМ брифингінде айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

ІІМ жүйесінде 5 жоғары оқу орны, 2 оқу орталығы бар. Олар Алматы академиясы, Қарағанды академиясы, Қостанай академиясы, Ақтөбе заң институты, Ұлттық Ұлан академиясы және Шымкент пен Павлодар қаласындағы оқу орталықтары, - деді аға инспектор Ләззат Аманова.

Аға инспектордың айтуынша, оқу орындары бакалавриат, магистратура, докторантура, алғашқы кәсіби даярлық, біліктілікті арттыру және қайта даярлау бойынша мамандарды дайындайды.

Айта кетейік, 2019 жылдан бастап Алматы, Қостанай академиялары мен Ақтөбе заң институтында бакалавриат бағдарламасы бойынша қабылдау тоқтатылды (3.05.19 ж. №242 ПП).

 

Ішкі Істер министрлігінің жоғары оқу орындарына күндізгі нысанда

2023-2024 оқу жылына қабылдау жоспары

Оқу орнының атауы

Мамандандыру бағыты

Қабылдау саны

(жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім базасында)

1.

Алматы академиясы

Құқық қорғау қызметі:

210

-ІІО жедел-іздестіру қызметі

180

- ІІО әкімшілік-құқықтық қызметі

30

Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету

40

ІІО қызметін IT-криминалистикалық қамтамасыз ету

20

Ақпараттық жүйелер мен технологиялар

20

Радиотехника және телекоммуникация

10

  Барлығы

300

2.

Қарағанды академиясы

Құқық қорғау қызметі::

250

- ІІО сотқа дейінгі тергеу

200

- ІІО жедел-криминалистикалық қызметі

50

  Барлығы

250

3.

Қостанай академиясы

Құқық қорғау қызметі:

240

- ІІО әкімшілік-құқықтық қызметі

140

- қылмыстық-атқару қызметі

100

ІІО үшін педагогика мен психология

(психологтарды даярлау)

10

  Барлығы

250

 

 

Жалпы:

800

     

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ - архив
Өзгелердің жаңалығы