Құқығы бұзылған қазақстандық балалар да БҰҰ-ға шағым түсіре алады
Қазақстанда «Бала құқықтары туралы конвенцияға хабарламалар рәсіміне қатысты факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы әзірленді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бала құқықтары туралы конвенцияға қатысушы мемлекеттер нәсіліне, түсіне, жынысына, тіліне, дініне, саяси немесе өзге де нанымдарына, ұлттық, этникалық немесе әлеуметтік шығу тегіне, мүліктік жағдайына, баланың денсаулық жағдайы мен тууына, оның ата-анасына немесе заңды қамқоршыларына немесе қандай да бір өзге мән-жайларға қарамастан, қандай да бір кемсітушіліксіз өздерінің юрисдикциясы шегіндегі әрбір балаға онда көзделген барлық құқықтарды таниды, - делінген құжатта.
Құжаттың мақсаты – балаларға не олардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне) БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы комитетіне баланың құқықтары туралы конвенцияда бекітілген құқықтарының бұзылуы туралы шағым беруге мүмкіндік беру, егер бұл бұзушылықтар ұлттық соттарда толық шешілмеген болса, сондай-ақ тәуелсіз және бейтарап органдарға өтініштерді жолдау арқылы мемлекет бұзған баланың негізгі құқықтарын қорғау тетігін дамыту.
Қатысушы мемлекет өзінің юрисдикциясындағы адамдардың осы Хаттамаға сәйкес Комитетке хабарламалар жіберу немесе онымен ынтымақтастық жасау салдарынан адам құқықтарын қандай да бір бұзушылықтарға, қатыгездікпен қарауға немесе қорқытуға ұшырамауын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті қадамдарды қабылдайды.
Кез келген тиісті адамның немесе тиісті адамдар тобының жеке басы олардың анық білдірілген келісуінсіз жария түрде ашылмайды.
Комитет хабарды алғаннан кейін және мәні бойынша шешім шығарылғанға дейін кез келген уақытта тақырыптарды шұғыл қарау үшін тиісті қатысушы мемлекеттің болжанатын бұзушылықтардың құрбанына немесе құрбандарына ықтимал орны толмас залал келтіруді болдырмау үшін төтенше жағдайларда талап етілуі мүмкін уақытша шараларды қабылдауы туралы өтінішті осы қатысушы мемлекетке жібере алады.
Заң жобасы 7 сəуірге дейін талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жаряланды.