"Құпия туннель": Қазақстан мен Өзбекстан арасында жанармай контрабандасы әшкереленді

Түркістан облысында ұзындығы 450 метр болатын жерасты туннелі арқылы жанармайды шекарадан заңсыз өткізіп келген халықаралық топтың жолы кесілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Түркістан облысында Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында салынған жерасты туннелі арқылы жанар-жағармай өнімдерін контрабандалық жолмен тасымалдаған қылмыстық топ әшкереленді. 

Операция өңірлік прокуратура мен Қаржы мониторинг агенттігі, ҰҚК және Өзбекстан құқық қорғау органдарының қатысуымен жүргізілді.

Тергеу барысында күдіктілер екі ай бойы 450 метрлік туннель арқылы мұнай өнімдерін ұдайы шекарадан өткізіп отырғаны анықталды. Бұл әрекетке екі елдің азаматтары қатысқан. Жан-жақты ұйымдастырылған схема қаржыландыру, логистика және өнімді сату жүйесін қамтыған, - деп жазылған прокуратура хабарламасында. 

Қазақстанда бес адам күдікті ретінде танылып, қылмыстық іс сотқа жолданды. Өзбекстан тарапында да бірқатар азаматтар жауапқа тартылуда.

Еске салайық, бұған дейін Қырғыз университеті 20 қазақстандықты оқу орнынан шығарғанын жазған болатынбыз. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы