Бүгiн 2026, 07:48 Фото: Onlarissa

Құпия америкалық RQ-180 дроны Грекия аумағына апатты түрде қонды

RQ-180 жоғары биіктікте ұзақ уақыт ұшуға арналған алыс қашықтықтағы барлау миссияларын орындауға бейімделген.

Грекияда бақылаушылар аса құпия саналған ұшқышсыз аппаратты байқап, оның RQ-180 болуы мүмкін екенін айтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Naked Science басылымының жазуынша, "ұшатын қанат" схемасымен жасалған дронның Лариса авиабазасы әуе базасына қону сәтінің фотосын жергілікті Onlarissa басылымы жариялаған.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, аппарат техникалық ақауға байланысты Ларисадағы әскери аэродромға қонуға мәжбүр болған және жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін сол жерде қалады.

Сыртқы келбеті жағынан бұл дрон B-21 Raider бомбалаушысына ұқсайды. Екі жоба да Northrop Grumman компаниясының әзірлемесі болуы мүмкін. Сарапшылардың пікірінше, RQ-180 бағдарламасы B-21 ұшағын жасау кезінде технологиялық тәуекелдерді азайтуға ықпал еткен.

Сонымен қатар, аппарат болжамды израильдік RA-01 дронына да ұқсайды, алайда оның өлшемі кішірек әрі пішіні өзгеше. Мамандар Израиль дронының мұншалықты батысқа ұшып келуі екіталай екенін айтады.

RQ-180 жоғары биіктікте ұзақ уақыт ұшуға арналған алыс қашықтықтағы барлау миссияларын орындауға бейімделген. Қолда бар деректерге сүйенсек, бұл типтегі аппараттар 15 жылдан астам уақыт бойы қолданылып келеді.