Құны 82 млн теңге: Заңсыз жалға беріліп келген жер мемлекетке қайтарылды

Ақмола облысы прокуратурасының шараларымен құны 82 млн теңгені құрайтын жер мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақмола облысы прокуратурасының мәліметінше, Сандықтау ауданының прокуратурасы жер комиссиясының қызметін талдау барысында ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурс қорытындыларын шығару кезінде заңнама талаптарының бұзылғанын анықтады.

Конкурстың қорытындылары үш кезеңде шығарылғаны анықталды, ал қолданыстағы заңнамада конкурс өткізілгеннен кейінгі күні қорытындыларды шығару көзделген. Бұл конкурс рәсімдерінің ашықтығы мен объективтілігіне теріс әсер еткен.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша сот тәртібімен 7 жалдау шартын жарамсыз деп тануды қамтамасыз етті. Нәтижесінде мемлекет меншігіне жалпы ауданы 1 400 гектар болатын, құны 82 млн теңге ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері қайтарылды, - делінген хабарламада. 

Кінәлі лауазымды тұлғалар әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі
Өзгелердің жаңалығы