Құны – 123 млрд теңге: Түркістан облысында Индустриалды парк құрылысы басталды

Түркістан облысында өңдеу өнеркәсібінің ең ірі алаңы саналатын жаңа Индустриалды парктің құрылысы басталды. Жоба құны – 123 млрд теңге, 3 мыңнан астам жұмыс орны ашылады, деп хабарлайды BAQ.KZ Otyrar.kz арнасына сілтеме жасап.

Парк аумағында заманауи электр жабдықтары, автоматтандыру жүйелері және ұшқышсыз ұшу аппараттары өндірілмек. Жоба Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында жүзеге асырылуда.

Біз “Орталық Азия” халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығы аумағында индустриалды парктің іргетасын қалап отырмыз. Бұл өңірдің бюджетке тәуелділігін азайтып, мыңдаған жұмыс орындарын құрады, – деді облыс әкімі Нұралхан Көшеров.

2027 жылға қарай мұнда 60-тан астам ірі жоба іске қосылып, 13 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады.

Жоба қытайлық инвесторлармен бірлесіп жүзеге асырылуда. Инвестор Хуан Чжоурэн ынтымақтастықтың екі елге де пайда әкелетініне сенім білдірді.

Индустриалды парк іске қосылған соң өңір экономикасына қуатты серпін беріп, салық түсімдерін арттырып, жастарға жаңа мүмкіндіктер ұсынбақ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы