"Құны 120 млн теңге". Министрлік өрт сөндіретін 2 дрон сатып алады

Төтенше жағдай министрі Шыңғыс Әрінов елімізде биік ғимаратты сөндіретін 2 дрон жасалып жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл – пилоттық жоба. Елімізде Қытай дрондарын өндіреміз. Жұмысты қазақстандық фирма істейді. Бір дронның бағасы – 120 млн теңге төңірегінде. Оның қандай ерекшелігі бар? Дрон 150 метрге дейін көтеріліп, өртті сөндіре алады. Оны кез келген өрт сөндіруші көлікке жалғап, рукавын тартып, уақыт қажет болса да өрт сөндіру жұмысын да істей алады. Біз үшін бұл үлкен тәжірибе. Біз әрі қарай тағы жетілдіреміз. Алматы қаласында да биік ғимараттар бар. Ол да әлемдік тәжірибе, - деді Әрінов үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте.

Министрдің сөзінше, дрон кейін құтқарушылардың басқаруына беріледі.

Еске сала кетейік, осыған дейін Үкіметте Бектенов бір айда 130-дан астам өрт шыққанын айтқаны туралы жазғанбыз. Елімізде өрт сөндіру бөлімшелерін салу тәсілі қайта қаралды. Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов өрттің көбіне неден шығатынын айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы