"Құмырсқаның илеуіндей емес": Министрлік жаңа тұрғын үй кешендері туралы
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков BAQ.KZ-ке берген пікірінде Қазақстандағы барлық тұрғын үйлер белгіленген талаптарға сай салынғанын айтты.
Олжас Сапарбеков Қазақстандағы мегаполис тұрғындарының жаңа тұрғын үй кешендерін “құмырсқа илеуіне” теңеуі туралы пікір білдірді.
Барлығы қолданыстағы талаптарға толық сәйкес салынып жатыр. Егер құмырсқа илеуімен салыстырсақ, онда басқа елдердегі, басқа мемлекеттердегі адамдар қалай өмір сүріп жатқанын да салыстыру керек. Шын мәнінде біз құмырсқа илеуіндегідей өмір сүріп жатқан жоқпыз, — деді Сапарбеков.
Бұған дейін әлеуметтік желі қолданушылары мегаполистердің тығыз салынған аудандарын сынап, жаңа көпқабатты үйлерді құмырсқа илеуіне теңеген еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Министрлік Астанада кранның құлауына қатысты пікір білдірді
Өзгелердің жаңалығы