Бүгiн 2026, 08:32 Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Құмдыкөлде жоғалған балықшы аман-есен табылды

Оқиға орнына жіберілген құтқару тобы оны Макашевка ауылындағы жылыту пунктіне жеткізді.

Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданында, Макашевка мен Октябрьское ауылдарының арасындағы Құмдыкөл көлінде 1965 жылы туған ер адамды іздестіру жұмыстары жүргізілді. Ол жеңіл автокөлікпен балық аулауға барғанымен, жолдың күрделенуіне байланысты өздігінен кері қайта алмаған, деп хабарлайды BAQ.KZ

Оқиға орнына жіберілген құтқару тобы ер адамды тауып, оны Макашевка ауылындағы жылыту пунктіне жеткізді.

Медициналық көмек қажет болмады, жағдайы қанағаттанарлық.

Төтенше жағдайлар қызметі балық аулауға немесе шалғай аумақтарға шығарда ауа райы мен жол жағдайын ескеріп, байланыс құралдарын өзіңізбен алып жүруге кеңес береді. Қажет болған жағдайда 112 нөміріне хабарласу керек.