Құмар ойындар жарнамасының 95%-ы жаңа заңмен жойылды - Дәулет Мұқаев

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев бүгін қабылданған ойын бизнесі мәселелері туралы жаңа заңға қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Дәулет Мұқаев лудоманияның жас талғамайтынын, адамның статусын таңдамайтын атап өтті.

Мәжілісте Елнұр Сабыржанұлы бастаған жұмыс тобында мүшелікте болдым. Бірнеше депутаттар лудоманияға байланысты нормалар енгізіп, Сенатқа жолдадық. Енді, міне, бүгін Президент қол қойып, қатты қуанып жатқан жайымыз бар. Себебі лудомания қазіргі кезде үлкен дертке айналды. Бұл жердегі ең негізгі қауіп, біріншіден, бұл жас талғамайды. Екіншіден, адамның статусын таңдамайды, себебі дипломы бар, оқыған-тоқыған адамдар да осы құмар ойынға еліккен. Тіпті үйін, көлігін, 300-500 млн теңгесін тігіп жіберген небір қалталы азаматар да бар. Сондай-ақ жақындары мен туыстарынан қарыз алып, артынан қылмыс жасап, несие алып, отбасынан айырылған азаматтар бар, суцид жасағандарды да кездеседі. Сондықтан да бұл заң жобасы бірінші кезекте көптеген құмар ойындардың алдын алу мақсатында шектеулер жасаған. Ең негізгі шектеуді айтар болсақ, қазіргі таңда 280 мыңнан астам мемлекет қызметкерлері бар,  соларға ойынға тиым салынды, - дейді Дәулет Мұқаев.

Депутат әлеуметтік желілерде ойындарды жарнамалайтын блогерге 60 АЕК айыппұл салынатынын, екінші рет қайталанса, айыппұл еселенетін атап өтті.

Жарнама жайына келер болсақ, қала көшелерінде әртүрлі букмекерлік кеңселердің, құмар ойындардың жарнамасы ілінетін еді. Менен тіпті балаларым: “Неліктен тегін ақша береді?” - деп сұрап жататын еді. Бұның барлығы адамды өзіне қызықтырып, тарту болатын. Сондықтан да бұндай жарнамаға шектеу қойылды. Енді бұдан былай билбордтарда, ақпарттық сайттарда жарнамаға шектеу қойылды. Бұдан кейін әлеуметтік желілерде ойындарды жарнамалайтын блогерге 60 АЕК айыппұл салынады. Екінші рет қайталанса, айыппұл еселенеді. Бұдан кейін әлеужеліде заңсыз казино ұйымдастырғандарға қылмыстық жаза қарастырылған. Олар екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Енді жарнама тек спорттық ойындарда, спорттық бөлімдерде ғана рұқсат етілген. Бірақ негізгі жарнаманың 95%-ы осы заңмен жойылады,- дейді Мәжіліс депутаты.

Оның айтуынша, 21 жасқа дейінгі азаматтарға энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салынуы жастардың денсаулығын жақсартып, түрлі аурулардың алдын алады.

Энергетикалық сусындарға байланысты тағы бір норма енгіздік. Бұл жерде 21 жасқа дейінгі жастарға берілмейді. Берілген жағдайлар болса, дүкен иесіне, кәсіпкерге айыппұл салынады. Ол қайталанған жағдайда, айыппұл еселенеді. Бұдан бөлек, өздеріңіз білетіндей, жастар, мектеп оқушылары сусынды көп мөлшерде ішеді. Оның барлығы бүйрек, бауыр, жүрегіне зақым келіп, инсульт, инфаркт ауруларының жиілеуіне және ерте болуына әкеп соқтырады. Сол себептен 21 жасқа дейінгі азаматтарға энергетикалық сусындарды сатуға тиым салынды және көшеде тұратын аппараттарда да сатуға тыйым салынды. Сонымен қатар энергетикалық суындарда да  21 жасқа дейін сатуға тыйым салынады деген арнайы жазу болу керек, - дейді ол.

Мәжіліс депутаты жаңа заңда лудоманияға 10 жылға дейін шектеу қоя алатын норма пайда болғанын атап өтті. 

Лудоманияға байланысты тағы бір норма пайда болады. Бұрын адамдар өзін Egov арқылы 6 айдан 1 жылға шектей алатын. Қазір сол сайт арқылы 10 жылға дейін шектеу қоя алатын болды. Бір рет шектеу қойған адам, екінші рет ойнай алмайды. Сондықтан бұл да бір жақсы нормалардың бірі деп есептеймін, - дейді Дәулет Мұқаев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Мәжіліс Баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы