Алматыда құм тиелген жүк көлігі аударылып қалды

Алматы, BAQ.KZ. Алматыдағы Райымбек көшесінің бойында ЗИЛ аударылып қалды. Бұл туралы Zakon.kz хабарлады.

Оқыс оқиға "Арзан" супермаркеті маңында адам көп жүретін жерде болған.

"Mitsubishi Delica жүргізушісінің айтуынша, ол шығыс бағыттағы Момышұлы көшесіне қарай бұрылу үшін сол жаққа қарай бұрылуға ыңғайланған. Алайда, оның алдында келе жатқан көліктердің бәрі бірден тоқтай бастаған. Минивэн жүргізушісі де бұл кезде жылдамдықты азайтқан. Артта келе жатқандарды көру үшін айнаға көз салған ол қатты жылдамдықпен келе жатқан жүк көлігін байқаған. Қатты келе жатқан ЗИЛ жүргізушісі солға қарай бұрғанда жолды бөліп тұрған бөгетке шығып барып аударылып түскен. Оның үстіне Mitsubishi көлігін де қағып өткен", - делінген хабарламада.

Тағы бір нұсқа бойынша Mitsubishi Delica орта жолақта келе жатып кенеттен жүк көлігінің алдына шыққан. Алдындағы көлікке соғылмас үшін ЗИЛ жүргізушісі солға қарай бұрған.

Абырой болғанда оқыс оқиғадан адамдар зардап шекпеген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы