Құлсарылық 146 оқушы оқу-сауықтыру лагерінде демалып жатыр

Құлсарылық 146 оқушы оқу-сауықтыру лагерінде демалып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Жылыой ауданында су тасқынынан зардап шеккен отбасының балалары «Балдәурен» оқу- сауықтыру лагерінде демалуда. 4 мамырдан бастап, барлығы 20 күнге 146 оқушы демалыс лагеріне аттанды.

Қазіргі уақытта оқушылар Түркістан, Балқаш, Щучинск қаласында және Бурабайда демалуда әрі оқуларын сол жерде жалғастыруда. Маусым айында тағы 35 оқушыны аталған демалыс орынға жіберу жоспарлануда, - дейді Жылыой ауданы білім бөлімі басшысының м.а Гүлжансара Қалиқызы.

Сондай-ақ, жаз айларында эвакуацияланған және су тасқынынан зардап шеккен отбасының балаларына көңіл бөлу, қамқорлық жасау мақсатында қалған оқушыларды да оқу-сауықтыру, демалу лагеріне жіберіледі. Атап өтерлігі, оқушылардың жазғы демалыс және еңбек лагерлері маусым айында ашылады. Бірақ, Құлсары қаласының қазіргі жағдайына байланысты бұл өңірдің оқушылары үшін жазғы лагердің маусымын ерте бастау туралы шешім қабылданған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы