24 Қаңтар 2024 2024, 02:45 Фото: архив

Құлсарыдағы топтық төбелес: жансақтау бөліміндегі жасөспірім қайтыс болды

Құлсарыдағы төбелес кезінде аурухананың жансақтау бөліміне түскен жасөспірім қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Құлсарыдағы төбелес кезінде аурухананың жансақтау бөліміне түскен жасөспірім қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

19 қаңтарда 03:05 шамасында Атырау облысы Құлсары қаласында топтық төбелес болды.

Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде құқықбұзушылыққа жол берген барлық тұлға полиция бөліміне жеткізілді.

Үш адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. 2006 жылы туған жасөспірім жансақтау бөлімінде қайтыс болды, - деп жазды AtyrauPress.

2000 және 2007 жылы туылған күдіктілер қамауға алынды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, сот-медициналық сараптама тағайындалды.