Құлсарыда үйлер мен бизнес нысандарынан суды шығару жұмыстары жалғасуда
Құлсарыда үйлер мен бизнес нысандарынан суды шығару жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Атырау облысының Құлсары қаласында мотопомпалардың көмегімен қалған су басқан 100-ден астам үй және 10 бизнес нысанында су сору жұмыстары жүріп жатыр. СҚО-ның Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданында да су сору жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы ҚР ТЖМ өкілі Асқар Шәріп ОКҚ алаңында хабарлады.
Республика бойынша 8615 тұрғын үй және 2994 аула аумағында судың бағыты бұрылып, су сорылды. 49 819 адам өз үйлеріне оралды. Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға жалпы саны 14 409 адам, 1413 техника, 311 су сору құралы, 69 жүзу құралы, 5 әуе кемесі жұмылдырылды, - деді спикер.
ТЖМ және ЖАО күштерімен жалпы саны 15 млн текше метрден асатын қар суы сорылып шығарылды. 7,7 млн астам қапшық және 1,5 млн тоннадан астам инертті материал төселді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Көкшетаудағы қазандықтарды жөндеуге 816 млн теңге бөлінеді
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы