25 Шілде 2024 2024, 17:03
Фото: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
Құлсарыда тасқыннан зардап шеккендерге баспана күзде беріледі
Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов Жылыой ауданына жұмыс сапарымен келіп, Болашақ ықшам ауданында салынып жатқан 100 үй құрылысының жүру барысын тексерді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов Жылыой ауданына жұмыс сапарымен келіп, Болашақ ықшам ауданында салынып жатқан 100 үй құрылысының жүру барысын тексерді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Тасқыннан үйі зардап шеккен тұрғындарға арналған баспана құрылысы өндірістік кестеге сай жүріп жатыр.
Жалпы аумағы 100 шаршы метрлік үйлердің 86-сының іргетасы құйылды, 66-сының қабырғасы қаланды, 14-нің төбе жабындысы жабылуда.
Құрылысқа жергілікті 8 мердігер мекеме және 233 жұмысшы жұмылдырылды. Үйлер қыркүйекте беріле бастады.
Вице-министр жауапты басшыларға жұмыс күшін көбейтуді, құрылысты бекітілген кестеге сай аяқтауды тапсырды.